ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВТЫҢ БІРЛЕСКЕН АВТОРЛЫҚ ЕҢБЕГІ NATURE ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНДЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВТЫҢ БІРЛЕСКЕН АВТОРЛЫҚ ЕҢБЕГІ NATURE ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Nature журналында палеолит кезеңінде Еуразия құрлығындағы адамзаттың көші-қоны жайлы бірлескен авторлардың мақаласы жарияланды.
Мақала ғалымдары 148 әртүрлі популяциядан 483 геномдар туралы деректерді ғылыми айналымға енгізді.
Заманауи генетикалық әртүрлілік пен ежелгі көші-қон жолдары айқындалды. Мақала авторларының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің аймақтану кафедрасының доценті Жақсылық Сәбитов.
Қазақстандық ғалымның ғылыми қызығушылығы – қазақтардың және түркі халықтарының тарихы мен этногенезін популяциялық генетика әдісімен зерттеу. Осы тақырып бойынша қазақстандықтың 70 ғылыми еңбектері жарияланған. Оның ішінде төртеуі импакт-фактор журналында жарияланған.
Nature журналындағы мақаладан басқа (импакт-фактор 38), ЕҰУ-дың қызметкерлерінің бұрынғы жариялымдары Genome Research (импакт-фактор 14), Plos one (импакт-фактор 3.5) , Croatian Medical Journal (импакт-фактор 1.5) ғылыми журналдарында жарияланған.
Жақсылық Сәбитов өзінің ғылыми мансап жолында Қазақстан тарихы, түркі халықтарының этногенезі, саясаты туралы 300 ғылыми еңбектер жариялаған. Бұдан басқа ғалым төрт монографияның авторы.
Айтып өтетін жайт, 25 жылдық тәуелсіздігіміздің тарихында Nature журналы отандық авторлардың тек төрт жұмыстарын жариялаған. Оның ішінде:екеуі ҒЗИ-дің: Астрофизикалық институт пен зоология институтының және Қазгеодозия мен Қазауылқорғау.
Осылайша еңбектер саны отандасымыздың еңбегімен бесінші болып толықты.
Бұнымен қоса, бұл мақала осы журналдағы дәл Қазақстанна қызмет атқаратын әрі қазақстандық, әрі шетелдік ғалымдар арасындағы алғашқысы.
Nature журналы Science журналымен бірге ғылыми әлемде беделді журнал болып есептелінеді.
Жақсылық Сәбитов тек қана ғылыми ортада ғана емес, сонымен қатар журналистік салада да өзінің пікірлерімен, популяциялық генетика және басқа да саладағы көптеген интервьюларымен танымал.
Баспасөз қызметі