• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Ахметов Берік Бақытжанұлын Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

6 сентября 2017

Құрметті Берік Бақытжанұлын!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жане инжиниринг университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

 

 

Ахметов Берік Бақытжанұлы

 

Техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі

1985 жылғы 15 желтоқсанда туған.

2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығын, ал 2009 жылы –  механика-математика факультеті ақпараттық жүйелер кафедрасының аспирантурасын бітірді.

2010 жылы 05.13.01 – Ақпаратты жүйелік талдау, басқару және өңдеу мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолы:

2006-2013 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;

2011-2013 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үдерісі бөлімінің басшысы, оқу-әдістемелік басқармасының басшысы;

2013-2017 –   Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президенті;

2017 жылғы 6 қыркүйекте Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры болып тағайындалды.

Біліктілікті арттыру:

2010-2011 – University of Pierre Mendes (Франция), Alecante university (Испания) – тағылымдама;

2011-2012 – Carl von Ossietzky universitat Oldenburg (Германия) университетінің постдокторантура бағдарламасы;

2010-2012 – талантты жас ғалым ұлттық стипендиясының иегері;

2014 жылғы маусым – АҚШ-та Жоғары білім саласындағы зерттеу орталығындағы біліктілікті арттыру курсы   (University of California, Berkeley);

2014 жылғы шілде – Англияда жоғары оқу орындары басшыларына арналған оқу курсы (Regent’s university London, university of Oxford, university of Cambridge, Brunel university); 

2014 жылғы шілде – Қазақстаннның жоғары оқу орындарының көшбасшыларына арналған кәсіби даму бағдарламасы (Назарбаев университеті & Leadership foundation).

 

Ғылыми-әдістемелік еңбектері:

Бір оқулық, 2 монография және ғылыми басылымдарда 40-тан астам ғылыми мақалалар жариялаған.  

Вернуться на уровень выше