• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

13 сентября 2017

Құрметті Гаухар Төремұратқызы!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

 

 

Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызы 1971 жылдың 20 тамыз күні Қызылорда облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын «Ұлттық мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы аспирантураны бітірген соң, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде «Кәсіби қазақ тілін мәтіндер арқылы игерту жолдары» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал, 2009 жылы «Қазақ халық педагогикасында қыздарға моральдық-этикалық тәрбие беру негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды. Ал, 2011 жылы профессор атағын алды.

 
100-ден аса ғылыми мақала, 2 монография, 2 оқу құралы, 10 оқу-әдістемелік құралының авторы.
 
Гаухар Алдамбергенованың жалпы еңбек өтілі 29 жыл. Оның ішінде 20 жылдан астам уақыт белесінде түрлі білім беру мекемелерінде басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Атап айтқанда, осы жылдары Г. Төремұратқызы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында аға оқытушылық қызметтен кафедра меңгерушісі, ректордың оқу ісі жөніндегі проректоры дәрежесіне дейін көтеріліп, болашақ өнер майталмандарын дайындау ісінде жемісті еңбек етті.
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен Астанада ашылған Қазақ Ұлттық хореография академиясында бірінші проректор лауазымында Орталық Азияда теңдесі жоқ оқу ордасының һәм қазақ би өнерінің қарашаңырағына айналатын академияның іргетасын қалаушылардың бірі болды.
 
Отандық білім мен ғылымның дамуына сіңірген елеулі еңбегі үшін «Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы», «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» сынды атақтармен марапатталды. Сондай-ақ, «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалінің иегері.
Вернуться на уровень выше