• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Кітапханадағы ғажайып түн» атты әлеуметтік-мәдени акция өткізіледі

11 апреля 2017

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Кітапханадағы ғажайып түн» атты әлеуметтік-мәдени акция өткізіледі

 

 

         Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде бүгін, 11 сәуір Ғылым күніне орай, Ғылыми кітапханада «Кітапханадағы ғажайып түн» атты әлеуметтік-мәдени акция өткізіледі.

Іс-шараны ұйымдастырғандағы басты мақсат – оқырмандардың кітапханаға келуін,  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапсүйер оқырмандармен бірге жұмыс жасау және жастардың патриоттық сезімін ояту болып табылады.

 Іс-шара келесі бағытта (жоспар бойынша) жүргізіледі:

·                          «Кітапханада  қандай  жаңалық?» Электронды ресурстар орталығының жұмысы.

·                         «Сіздің  сүйікті  кітабыңыз» (Әр оқырман сүйіп оқыған кітабының авторын, аталуын және бас кейіпкерін стикерға арнайы жазып ағашқа ілуі).

·                         «Ғажайып ағаш» - акциясы (түрлі-түсті стикерға кітапхана туралы қысқаша пікір жазып ағашқа ілуі).

·                        «Шеберлер қаласы» - мастер класс. Өз қолдарыңызбен қоласты материалдардан бұйымдар жасау.

·                    Тегін микрофон. «Сен креативті, талантты жансың ба? Дәлелде!» (Кеш қонақтары өздерінің өнерін көрсетуі)

·     «Әуенді тап» қазақ музыкасы бойынша музыкалық сайыс.

·     «Шай ішуден  бас тартпаймыз» библиокафе  ұйымдастыру.

·      Театрландырылған көрініс дайындау.

·     Флешмоб

·     Қорытындылау. Марапаттау

 

Өтетін күні: 11.04.2017 ж. Сағ.: 1700 - 2100

Өткізілетін жері: ҚазМемҚызПУ, Әйтеке би, 99. Кітапхана, фойе

Вернуться на уровень выше просмотров: 1047