• Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

«Қазақ жыраулары жырлаған 700 жылдық ел тарихы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

24 мая 2016
2016 жылдың 24 мамырында Алматы қаласы әкімшілігінің,  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Қазақ жыраулары жырлаған 700 жылдық ел тарихы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
 
Конференция жұмысына Алматы қалалық әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ғалымдар, магистранттар және студенттер қатысты.

Адамзат баласы өзінің ес біліп, есейген дәуірінен бастап елі мен жерінің тағдырын өзінің тағдыры деп білген. Өзінің ата жұртынан бастап, бүкіл мемлекет аумағындағы елдімекенді қаны мен жанымен қорғаған. Сөйтіп жүріп іргелі ел болған. Ал, іргелі елдің баянды тірлігі үшін қажыр-қайратын аямай күрескен жандардың қызметі бар заманда да жұртына үлгі, халқына қастерлі.

Байтақ жұртымыздың әр замандардағы ел тағдырын, жер тағдырын өмір бақи күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселесі деп білгендіктен де ғасырлардан аттап өтіп, есімі ғана емес, қастерлі туындылары келешек ұрпақтарына жетіп отырған сонау ХІІІ-ХІV ғасырдың перзенті  Сыпырадан басталатын ұлы жыраулардың ұлық шығармаларының елдігіміздің тарихын танытудағы рөлі яки, мәні мен мағынасы ерекше.

 «Қазақ жыраулары жырлаған 700 жылдық ел тарихы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның негізгі тақырыбы осы мәселеге арналған.

Конференцияның өзекті мәселесі – өзіміздің ХІV ғасырдағы Сыпыра жыраудан кешегі Махамбет, Сүйінбайларға дейінгі  жыр тарландары – жыраулар әулетінің негізгі шығармаларының тарихи жазба дерек-мағлұматтармен дәлелдене отырып пайымдалатындығында.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына және конференция тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылды.

                                                                                                                                          

                                                                 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен

Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған

«Қазақ жыраулары жырлаған 700 жылдық ел тарихы»

атты Республикалық ғылыми теориялық конференциясының

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Өтетін жері: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының көрмелер залы.

Уақыты: 24 мамыр 2016 жыл, сағат 11.00

 

Ұйымдастырушылар:

Алматы қаласы Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы.

 

Қатысушыларды тіркеу: 09.30-10.00                                                  

Кітап көрмесі: 10.00-11.00

Конференция жұмысы: 11.00-13.00

Фуршет: 13.00-14.00

 

Модератор: Матыжанов К.І. -  Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор.

 

КІРІСПЕ СӨЗ

 

Ж. Сейдұманов – ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры.

 

         А. Есенбеков - Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысының міндетің атқарушысы.

 

 

БАЯНДАМАЛАР:

(Регламент 5 мин)

 

1.     Ж.Ж. Тілепов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Баяндама тақырыбы: ХIV-XIX ғасырлардағы жыраулар мұрасы һәм ұлы дала тарихы.

 

 

2.     У. Қалижанов - М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының  директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті.

Баяндама тақырыбы: Қазақ хандығы тұсындағы қазақ әдебиеті.

 

3.     К. Матыжанов - Алматы қаласы маслихатының депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Баяндама тақырыбы: Қазақ фольклоры һәм елдік сана.

 

4.     Ж. Дәдебаев -  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абай институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Баяндама тақырыбы: Майқы би және оның заманы.

 

5.     Б. Әбдіғазиев - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Баяндама тақырыбы: Нармамбет ақын шығармашылығында көрініс тапқан дауылды дәуір шындығы.

 

6.     Ө. Әбдиманұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Ш. Шортанбаев - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің аға оқытушысы.

Баяндама тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясының көрінісі.

 

7.     Т. Қоңыратбай -  Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өнер және мәдениет кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Баяндама тақырыбы: Эпикалық дәстүр және этникалық үдеріс

 

8.     Қ. Мәдібаева - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Баяндама тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жыраулық дәстүр

 

9.     Р. Әбдіғұлов - М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері.

Баяндама тақырыбы: Сүйінбай, Жамбыл шығармаларындағы Сұраншы батыр бейнесі.

 

10.  П. Бисенбаев - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің аға оқытушысы.

Баяндама тақырыбы: Нысанбай жырау жырының тарихилығы

 

11.  Т. Әлбеков - М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Баяндама тақырыбы: Қазақ қолжазбалары – ел мұрасы

 

12.  С. Қосан - М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиетінің  бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Баяндама тақырыбы: Жыраулық поэзиядағы тәуелсіздік сарын

 

13.  С. Сакенов - Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты.

Баяндама тақырыбы: «Қырымның қырық батыры» және ел тарихы

 

14.  Н. Сағындық - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Баяндама тақырыбы: Қорқыт ата және жыраулық дәстүр.

 

15.  С. Дәрібаев - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Баяндама тақырыбы: Ақын, жыраулар поэзиясындағы діни сарындар

 

16.  Е. Кәрібозов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Баяндама тақырыбы: Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығының діни сипаты

 

Конференция жұмысын қорытындылау

 

 

 

 

 

Вернуться на уровень выше просмотров: 664