• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Кусаинова Амангельды Кусаиновича с 70-летним юбилеем!

29 декабря 2012

Еуразия гуманитарлық институтының ректоры,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор, академик

Құсайынов Амангелді Құсайынұлына

Аса қадірлі  Амангелді Құсайынұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада еңбек етіп жүрген   барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Тағылымды ғалым, тәлімді ұстаз, білікті басшы ретінде Сіз бірнеше буын білімді шәкірттеріңізді тәрбиелеп, тәжірибелі педагогтер мектебін қалыптастыра алдыңыз. Еңбек жолыңызды ауылдық мектепте қарапайым мұғалім болудан бастап бүгінгі жеткен биік белестеріңіз шәкірттеріңіз бен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Қазақ Білім академиясының академигі ретінде Сіздің ғылыми, ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметтеріңіз республика көлемінде ғана емес алыс-жақын шетелдерде де белгілі. Түп тамырымыз саналатын ұлт тарихын зерттеп, зерделеуде де Сіздің еңбегіңіз орасан.

Сіз өзіңіздің бойыңыздағы еңбекқорлық, зеректік қасиеттердің арқасында көптеген айтулы ғылыми жобаларды іске асырып, отандық білім жүйесінің оңтайлы реформалануына атсалысып келесіз.

Бүгінде Сіздің авторлығыңызбен 4 монография, 150-ден астам ғылыми жарияланымдар жарық көрген. Бұған қоса Сіздің жетекшілігімен «Отан тарихы» мамандығы бойынша төрт докторлық, он алты кандидаттық диссертация қорғалды.

Ғылым мен білім саласындағы елеулі еңбектеріңіз мемлекет тарапынан ескеріліп бірқатар наградалармен аталып өткенін де білеміз. Солардың ішінен Елбасы тағайындаған «Құрмет» орденін айрықша атап өтуге тұрарлық.

Құрметті Амангелді Құсайынұлы!

Бүгінгі мерейлі жасыңызға тағы да ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Жас ұрпақтың білімін шыңдаудан басталған еңбек жолыңыз бүгінде жемісті жалғасын тауып келеді.  Сондықтан да, Сізді өзіңізден кейінгі буынға ұлағатты үлгі көрсетіп келе жатқан зиялы тұлғалардың бірі деп бағалаймыз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.

Құрметпен,

Қауымдастық президенті 
Р. Алшанов

Вернуться на уровень выше