• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Сырғалиев Ержан Омарханұлы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен!

21 апреля 2016

Аса қадірлі Ержан Омарханұлы!

 

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада еңбек етіп жүрген барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Өнегелі өмір жолыңыздың тағы бір биік белесіне көтеріліп, отандық білім, ғылым саласында айтулы жетістіктерге жеткен Сіздің адамгершілік қасиеттеріңіз бен біліктілігіңіз өзіңізден кейінгі ізденімпаз буынға үлгі екені сөзсіз. Азаматтық болмысыңыз бен бойыңыздағы күш-қуат арқылы алдағы уақытта да бағындыратын асуларыңызға талмай жететіңізге кәміл сенеміз. 

Құрметті Ержан Омарханұлы!

       Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Алматы энергетика және байланыс университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

         Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

 

 

Құрметпен,

Қауымдастық президенті                                                                 Р.А.Алшанов

Вернуться на уровень выше