• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлын Халықаралық бизнес университетінің президенті қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

20 июля 2017

Құрметті Дархан Жұмақанұлы!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Халықаралық бизнес университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

 

Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы

АХМЕД-ЗАКИ ДАРХАН ЖҰМАҚАНҰЛЫ

Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы – техника ғылымдарының докторы, доцент, 1981 жылы туылған, қазақ, 2002 жылы «қолданбалы математика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетін үздік бітірді және сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика және математика факультетінің магистратурасына түсті. 2004 жылы магистратураны үздік бітіргеннен кейін қараша айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетіне аспирантураға түсті. 2006 жылы аспирантураны бітірді және өзінің ғылыми жұмыстарының нәтижелері бойынша ғылым мен техниканың дамуына үлкен ықпал еткен ғалымдар және мамандарға (немесе талантты жас ғалымдарға) арналған мемлекеттік ғылыми степендияның лауреаты болды. 2007 жылы «Мұнай ығысуына және қабаттардың электромагниттік зерттеуіне температуралық эффектерінің әсері» тақырыбында кандидаттық диссертацияны, 2010 жылы 05.13.18 – математикалық пішіндеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені мамандығы бойынша докторлық диссертацияны «Кеуек ортадағы жылу және массаалмасу үрдістерін компьютерлік моделдеу» тақырыбында қорғады.

2004 жылдан 2009 жылға дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің компьютерлік және есептеу технологиясы кафедрасында ассистент, оқытушы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетінде деканның оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2009 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың наурыз айы аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика және математика факультеті информатика кафедрасының кафедра меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ахмед-Заки Д.Ж. кафедрада жұмыс істеу кезінде өзін білікті маман және педагог екенін көрсетті.

2002 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің математика және механика ҒЗИ ЕМК-да ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. ТЕМПУС бағдарламасында, халықаралық байланыстарда, ҚР БҒМ-нің іргелі және қолданбалы бағдарламаларында жауапты орындаушы, сонымен қатар, «Эмбамұнайгаз» өндірістік филиалмен, «ҚазМұнайгаз» АҚ-мен шаруашылықты келісім жұмыстарын жүргізді.

Ахмед-Заки Д.Ж. – алыс шетелдiң және Қазақстан Республикасының бастаушы журналдарында жарияланған 40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Ғылыми зерттеулері бағдарламалар верификациясымен және кеуекті ортадағы сығылмайтын сұйықтықтарды жылулық фильтрлеудiң теорияларымен байланысты. Республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларда баяндама жасады.

2017 жылдың шілдесінен бастап Халықаралық бизнес университетінің президенті.

Вернуться на уровень выше