Құрметті Гаухар Ғалымқызы!
Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.
Гауһар Ғалымқызы 1995 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі және музыка кафедрасын бітірген. 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін «Философия тарихы» бойынша аспирантура бітірді. Ол философия ғылымдарының кандидаты, ассоциациялық профессор, «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Құрметті білім қызметкері атанды. Әр жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың академикалық жұмыстар жөніндегі проректоры, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі секілді жауапты қызметтерді атқарған.