• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Тұрғын-коммуналды шаруашылықтағы энергия тиімділік бойынша жобалардың студенттер мен магистранттар арасындағы Бесінші Республикалық Конкурсы

24 қазан 2012

Шеврон Компаниясы Алматы энергетика мен байланыс университеті және RESD қоғамдық қорымен бірге

ТҰРҒЫН-КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІК БОЙЫНША ЖОБАЛАРДЫҢ СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАР АРАСЫНДАҒЫ БЕСІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасында энергия тиімділік идеясын насихаттау.

Конкурс тақырыбының негіздемесі – энергияны көп тұтынушылардың бірі тұрғын және коммуналды секторды жылу, газ, электрмен қамтамасыз етуші тұрғын-коммуналды шаруашылық (ТКШ) болып табылады. ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша өндірілген жылу энергиясының 40% тұрғын-үй секторы пайдаланады. Сарапшылардың есептеуі бойынша тұрғын үйлердегі жылудың өндірістік емес шығындары 50% асып кете алады.
2010 жылғы жүргізілген зерттеулерде Қазақстанда ғимараттардың жылу энергия шығыны жылына 1 кв.метрге шамамен 270кВт құрайды екен, ал бұл жылына 1кв.метрге 100-120 кВт кететін еуропалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда көп. Техника мен технологияның қазіргі даму кезеңінде энергия ресурстарын тиімді пайдалану коэффициенті 60% кем емес, ал эксперименттік жағдайда бұл коэффициент 100% дейін жетеді. Демек, ТКШ энергия ресурстарын пайдаланудың жалпы тиімділігі қазіргі кезеңмен салыстырғанда 1,5-2 есе көтерілуі мүмкін. Сондықтан энергия қорларын үнемдейтін саясаттың негізгі мақсаты болып табылатын өндіріс шығынын және тұрғын-үй шаруашылық кәсіпорын қызметтерінің бағасын төмендету, жаңа техникалық шешімдер, жаңа құрылғылар, жаңа технологияларды қолданбастан энергияны үнемдеуге және энергия тиімділікті арттыру мен оны ТКШ енгізуге бағытталған шығынсыз қызмет істеу режіміне көшуді қамтамасыз ету мүмкін болмайды.


Конкурстың номинациялары:
1. үздік студенттік жоба;
2. магистранттың үздік жобасы.

Жобаларды бағалау сарапшылар мен конкурс комиссиясының қатысуымен конкурстық негізде өтеді.

Әр номинация бойынша алғашқы үш орынды жеңіп алған конкурстың жеңімпаздары бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әділқазылар осы жобалардың ішінен жүзеге асыру үшін грант бөлінетін біреуін таңдап алады.

Төртінші мен алтыншы орын аралығын иеленген конкурсанттар қатысу дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Барлық конкурсанттар мен олардың жетекшілері өздерінің ЖОО ректорларының атына берілетін ұйымдастырушылардың алғыс хаттарына ие болады.

Жеңімпаздар мен сыйлық иегерлерінің жобалары туралы ақпарат «АЭжБУ Хабаршысы» жинағына және ҚР БАҚ жарияланады.
Конкурстық жобаларды ресімдеу, конкурстың өту кезеңдері туралы ақпарат www.aues.kz, www.aipet.kz, www.resd.kz сайттарында жарияланған Конкурс туралы ережелерде көрсетілген.


Конкурс Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында 2012 ж. 20 сәуір мен 30 қараша аралығында өтеді.
Өтінімдер 2012 ж. 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Мекенжай: Алматы қ., Байтұрсынов к.,126, корпус «А», 223-каб. (ғылыми-зерттеу секторы)

Байланыс телефондары: 8(727) 292-90-55,
Тел/факс: 8 (727) 292-09-14
E-mail: nis_aues@mail.ru, nis@mail.kz

 

Ілгері Көрушілер саны: 860