• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және QS Quacquarelli Symonds ЖОО орындарының басшыларын «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛАР: ГЛОКАЛЬДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ*» атты халықаралық семинарға шақырады

16 мамыр 2013

Өткізілетін күні: 2013 жылғы 27-28 мамыр
Өткізілетін орны: «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйі

Бүгінгі күні жоғары оқу орындары басшыларының алдында жергілікті деңгейдегі білім қызметі мен ғылыми зерттеулердің сапасын жақсарту міндеттері ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде танымалдықты арттыру, ілгерілету міндеттері тұр. Университет қызметін өлшеуде маңызды құрал болып табылатын - ЖОО-ның әлемдік рейтингінде менеджмент пен тұрақты дамуды жақсарту саясатына да ықпалын тигізеді. Бұл бүгінгі таңда серпін алып отырған бәсекелестік контекстінде жаңа талаптар сұранысына жаһандық және жергілікті тәжірибелердің байланысын жобалауға икемді глокальды қарастыру тәсілдері негізінде жауап бере алатын стратегияларды тиімді іске асырудың қажеттігін тудырады.

Осыған орай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS Quacquarelli Symondsпен бірлесе отырып, алғаш рет ЖОО-ның басшыларына арналған тұрақты даму, интернационалдандыру және инновациялық менеджмент мәселелері бойынша танымал халықаралық сарапшылармен байланыс орнатуға бірегей мүмкіншілік тудыратын, «Жоғары оқу орындарына арналған стратегиялар: глокальді қарастыру тәсілдері» атты халықаралық семинар өткізеді.

Семинар форматы
Семинар бағдарламасы дәрістерден, жаттығулардан, зерттеу кейстерінен және пікірсайыстардан тұрады.

Семинар тақырыбы

  • Заманауи контекстте әлемдік деңгейдегі университет құру: үндеулер, мүмкіндіктер және стратегиялар;
  • Университеттердің тұрақты дамуы;
  • Университеттердің әлемдік рейтингі: QS және басқа рейтинг ұйымдары;
  • Халықаралық білім беру шаралары мен жобалары;
  • Университеттің Веб-сайты - халықаралық имидждің бір көрінісі;
  • Университетті интернационалдандырудың тілдік аспектілері;
  • Рекрутер жазбалары: университетке халықаралық деңгейдегі танымал маманды тарту және тұрақты түрде қалдыруды қалай жүзеге асыруға болады?

Семинардың жұмыс тілі
Ағылшын тілі (синхронды аударма қарастырылған)

АЛҒЫ СӨЗ

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ (Mr. Bakhytzhan Zhumagulov)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Профессор, техника ғылымдарының докторы;
ҚР Ұлттық Ғылыми Академиясының құрметті академигі;
Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ҚР ғылым және техника саласындағы еңбек сіңірген қайраткері;
Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нің құрметті профессоры.

 

НЕГІЗГІ СПИКЕРЛЕР:

Нунцио КУАКУАРЕЛЛИ мырза (Mr. Nunzio Quacquarelli)
QS негізін салушы және бас директоры. Кембридж Университеті (University of Cambridge) мен Уортон бизнес мектебінің (Wharton) түлегі, QS TopMBA.com Applicant және Recruiter Survey жыл сайынғы зерттеулердің редакторы, QS World University Rankings-тің бірлескен авторы.
Др. Кевин ДАУНИНГ (Dr. Kevin John Downing)
Гонконг Қалалық университетінің (HongKong City University) білім және талдау орталығының директоры. Гонконг Сити Университетінің оқытушылық шеберлігі үшін және АҚШ тағайындаған білім беруде инновациялық технологияларды пайдаланғаны үшін берілетін мәртебелі халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Зоя ЗАЙЦЕВА ханым (Ms. Zoya Zaitseva)
QS-тің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры. Университеттердің халықаралық аренада танымалдығын арттыру, интернационалдау, студенттерді рекруттау саласының маманы.
Исидро АГИЛЛО мырза (Mr. Isidro Aguillo)
Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтинг агенттігінің Испаниядағы (Мадрид) Ғылыми зерттеулер жоғары кеңесі (CSIC) жанындағы Cibermetrics зертханасының басшысы.
Проф. Чунг Янг ЛИ (Prof. Choong Y.Lee)
Питтсбург мемлекеттік университеті Орталық Азия Зерттеулер және Бизнес Орталығының Директоры және профессоры, Канзас, АҚШ. Орталық Азияда стратегияларды зерттеу мен енгізу тәжірибесі мен MBA бағдарламаларын Кореяда, Бразилияда және АҚШ-та жетілдіру мәселелері бойынша халықаралық маман.
Др. Робин БАНТЕЛ (Dr. Robyn Ann Bantel)
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің академиялық хаттарды жетілдіру бойынша халықаралық кеңесшісі. ESL/EFL (English as a second language, English as a first language) жаңа бағдарламаларын енгізу бойынша маман, TESOL мүшесі.
Елена ЧЕРНЫШКОВА ханым (Ms. Elena Chernyshkova)
Odgers Berndtson коммерциялық емес және білім беру мекемелеріне арналған рекрутинг агенттігінің басшысы. Университеттерде әлемдік қатардағы мамандарды рекруттау бойынша халықаралық сарапшы.

Семинарға қатысушылар

Жоғары оқу орындарының жоғары және орта деңгейдегі басшылары.

Қатысу талаптары

Қатысу ақысы – 200 000 теңге (1350 АҚШ доллары).

Семинардың ақысына дәріс, Rixos Lake Borovoe отеліндегі екі орындық нөмірде орналасу, үлестірме материалдары, тамақтану, Астанадан Бурабайға дейін (бару, қайту) көлікпен тасымалдау және қатысқандығы туралы сертификаты үшін төлемдер кіреді. Төлемді жүзеге асыру үшін реквизиттер тіркеуден кейін беріледі.
Астанаға дейінгі жолақы шығындары семинардың ақысына кірмейді. Тұру шығындары және көлік мәселелері бойынша барлық қажетті ақпарат тек тіркелген қатысушыларға ғана беріледі.

Тіркеу және тӛлем
Семинарға қатысуға тіркелу Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің www.enu.kz ресми сайтында онлайн тәртібімен, ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін жүргізіледі.

Семинардың алдын ала жұмыс кестесі

26 мамыр Келу күні. Қонақтарды қарсы алу және орналастыру
27-28 мамыр Семинарды өткізу (бағдарлама нақтылануда)
29 мамыр Қонақтарды шығарып салу

Семинар туралы толық ақпарат алу үшін international_seminar@enu.kz электрондық мекенжайға немесе +7 7172 709488 байланыс телефонына хабарласуыңызды өтінеміз.

Семинардың мазмұны мен құрылымында ӛзгерістер болу мүмкіндігін назарға алуыңызды сұраймыз. Қатысушыларға кез-келген ӛзгерістер туралы ақпарат университеттің веб-сайты және электрондық поштасы арқылы хабардар етіледі.

Ілгері Көрушілер саны: 1472