• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

2014 жылдың 11 желтоқсанында Алматыдағы «Тұран» университетінің конференция залында «I-ші Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

10 желтоқсан 2014

2014 жылдың 11 желтоқсанында Алматыдағы «Тұран»
университетінің  конференция залында «I-ші Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

2014 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15.00-де  Алматыдағы «Тұран»
университетінің  Мәжіліс залында I-ші Дүниежүзілік соғыстың басталғанына 100 жыл толуына орай «I-ші Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы, Алматы қалалық әкімшілігі, «Нұр-Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы және Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл дәстүрлі конференция аясында ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-мен бірлесіп шығарған «Қазақ көтерілістері» атты көлемді энциклопедияның тұсаукесер рәсімі өтеді.

Конференцияға «Нұр-Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері, белгілі тарихшылар, жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, тарих факультетінің оқытушы мұғалімдері мен профессорлары, ғылыми зертттеу институтының ғалымдары мен қызметкерлері, студенттер және БАҚ мамандары қатысады.

ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы 2010 жылдан бері жыл сайын Қазақ көтерілістері тарихына байланысты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырып келеді. Осы күнге дейін, «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты», «Алғадай», «Қазақтың ұлы қолбасшылары»  атты кітаптарды жарыққа шығарып, әр конференция материалдары арнайы жинақтарға топтастырылған. Бұл энциклопедияға осы уақытқа дейін өткізілген конференция материалдары негізінде құрастырылған.

 

Ұйымдастыру алқасы

Байланыс үшін:
262-14-28, 262-14-42, 262-14-36

 

Ілгері Көрушілер саны: 922