• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

«Жастар кадрлық резерві 2015» жобасының ЕРЕЖЕСІ

16 шілде 2015

«Жастар кадрлық резерві 2015» жобасының
ЕРЕЖЕСІ

 

1.     Жалпы ережелер

1.1 Осы Ереже «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының  «Жастар кадрлық резерві» жобасын өткізу тәртібін анықтайды.

1.2 «Жастар кадрлық резерві» – бұл қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктілігінің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық деректер базасы.

1.3 Жобаның мақсаты – заманауи және тиімді басқарушылардың шоғырын қалыптастыру.

1.4 Жоба жасы 29-ға дейінгі қатысушылар қатарынан ұйымдастырушылық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие, белсенді жас азаматтарға және студенттерге,   жастар ұйымдарының көшбасшыларына арналған.

1.5 Жоба міндеттері:

1.5.1  Белсенді жас азаматтарды анықтау, іріктеу, дайындау және оқыту;

1.5.2 Жас қазақстандықтардың кәсіби өсуі жолында өзін-өзі жетілдіруге және білімін шыңдауға арналған қажет жағдай жасау;

1.5.3 Кадрлық резерв даярлаудың алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына негізделген тиімді жүйесін құру.

1.6. Жобаны «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.  

1.7.  Осы Ережеде келесідегі негізгі ұғымдар қолданылады:   

1.7.1 Жобаға қатысушы – жобаның арнайы сайтының (www.rezerv.kz) тиісті бөліміндегі сауалнаманы осы Ережемен бекітілген тәртіпке сәйкес толтырған жеке тұлға;

1.7.2 «Формальды іріктеу» - жобаға қатысушылар формальды критерийлер (білімі, жасы, т.б.) бойынша бағаланатын бастапқы іріктеу кезеңі;   

1.7.3 Жастар кадрлық резервіне үміткер – формальды іріктеуден өтіп, байқаудың келесі кезеңі – сұхбаттасуға жіберілген жоба қатысушысы;

1.7.4 Сұхбаттасу – жастар кадрлық резервіне үміткерлер қабілеттері бойынша байқау негізінде жеке сұхбаттасуға шақырылатын кезең;    

1.7.5 Байқау комиссиясы жастар кадрлық резервіне үміткерлерді байқау негізінде кешенді іріктеуден өткізетін консультативті-кеңесші орган. Комиссия «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, бизнес саласы өкілдері және мемлекеттік қызметшілер қатарынан қалыптасады;

1.7.6 Жоба жетекшісі – жобаны жүзеге асырудың жалпы басшылығын, орталық деңгейде (жоба серіктестері мен қатысушылары арасында) мекемеаралық қадағалау, жоспарлау, мониторинг және жобаны жүзеге асыруға бақылау жүргізетін өкіл;

1.7.7 Қатысушының жеке веб-портфолиосы – жобаның ресми сайтындағы жеке мәліметтер көрсететілетін қатысушы жайлы анықтама;

1.7.8  Резервист – жобаның барлық кезеңдерінен өткен және жоба аяқталған соң «Жастар кадрлық резервінің» деректер базасына енгізілетін жоба қатысушы.

1.8 Жобаны өткізуді қадағалау жоба басшылығына жүктеледі.

1.9 Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылады.

1.10 Ережеге енгізілген уақыттан бастап өз күшіне енетін және кері күшке ие болмайтын толықтырулар мен өзгерістер енгізуге болады.


2. Жобаны өткізу кезеңдері

2.1. Іріктеу кезеңі.

2.1.1 Жобаның ресми сайтында (www.rezerv.kz) қатысушылардың ашық тіркелуін қамтамасыз ету 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін жобаның тиісті бөліміндегі сауалнаманы толтыру арқылы жүзеге асырылады. Жоба шарттарына сай келмейтін, сондай-ақ құжаттамаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тіркелген сауалнамалар қарастырылмайды.

2.1.2 «Формальды іріктеу» - үміткер келесі критерийлер арқылы бағаланады:

·         Бiлiмі (ЖОО бітіргені  туралы дипломы немесе оқу орнында оқитындығы және оқу үлгерімі туралы анықтама);

·         Жүлделер, сертификаттар және алғысхаттар;

·         Тілдерді білуі;

·         Ұсыныс хаттар (бірінші басшылардан);

·         Қоғамдық қызметтер ( сертификаттар) .

2.1.3 Байқау комиссиясымен сұхбаттасу және 16 аймақта іріктеу жүргізу - аймақтардағы сұхбаттасулар келесі ұсынылатын комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізілетін болады:

·         «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының өкілі;

·         «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары;

·         Аймақтық жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысы;

·         «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалының төрағасы;

·         БАҚ өкілі;

·         Қоғам қайраткері;

·         Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары Қауымдастығының өкілі;

·         бизнес саласының өкілі;

·         өткен жылдардағы жоба қатысушылары.

2.2.  Жобаның ресми сайтындағы қатысушының жеке және кәсіби жетістіктерін көрсететін әр қатысушының анықтамасы - веб-портфолиосы жасалады.

2.3 Конкурстық комиссиямен сұхбаттасу қорытындысына орай, еліміздің әр аймағынан - 2 адамнан, барлығы - 32 адам іріктелініп алынады.

2.4 Білім беру кезеңіне 32 адам жіберіледі.

2.4.1 7 күнге созылатын білім беру модулі және бағалау бөлігіне төмендегілер жатады:

·         тестілеу;

·         сұхбаттасу, жеке жобаларды қорғау және таныстыру;

·         дәрістер, шеберлік сыныптарының блогы;

·         өзін-өзі дамыту тренингтері;

·         дәрiс-әңгімелесулер, белгілі саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен пікірталастар.

2.4.2 32 резервист қосымша кәсіби білім алу бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында білім алады. Жобаның білім беру кезеңінен сәтті өткен жоба қатысушылары жобаның келесі кезеңіне –тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

2.4.3 Резервистердің тағылымдамадан өтуі – резервистердің 2 апта көлемінде іс-тәжірибеден өту кезеңі.

 

3. Жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Жастар кадрлық резервіне үміткерлер мен қатысушылардың құқылы:

3.1.1 Жобаның өткізілу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

3.1.2 Осы Ереже бойынша түсінік алу үшін аймақтық өкілдерге жүгінуге (сайттың тиісті бөлімінде байланыстар тізімі көрсетілген).

3.2 Жоба қатысушылары мен үміткерлері міндетті:

3.2.1 Байқаудың мазмұнымен, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптармен танысуға; 

3.2.2 Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен рәсімдерді сақтауға.

3.3 Жобаға қатысушылар жоба жетекшілеріне, осы Ережеде көрсетілген ережелерге, рәсімдерге, шарттарға бағынбаған жағдайда жобаға қатысудан шеттетіледі.

 

4. Ақпараттық қамтамасыз ету

 

4.1 Жобаның басты ақпараттық ресурсы - www.rezerv.kz ресми сайты болып табылады.

4.2 Жобаны ақпараттық қолдауды медиа-ресурстар қамтамасыз етеді.

4.3 Байқауды қосымша ақпараттық қолдау жоба серіктестерінің ақпараттық ресурстары арқылы қамтамасыз етіледі.

Ілгері Көрушілер саны: 1011