• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Баспасөз хабарламасы

2012 жылдың 13 желтоқсанында сағат 10.00-деҚазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы және ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  «Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері және саяси сабақтары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығы, Қазақстан жазушылар одағы, қоғамдық-саяси ұйымдар, белгілі тарихшылар, жас ғалымдар, кітапхана қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысады.

Қазақ елі Тәуелсіздігіне қол жеткізгелі 21 жыл толды. Осы жылдар аралығында тарихымыздың ақтаңдақ тұстары ашылып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жандана бастады. Бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік халқымызға оңай келген жоқ. Ғасырлар бойы бұл жолда қаншама тер, қаншама қан төгіп, қол бастаған есіл ерлеріміз бен атқамінер жаужүрек батырларымыздың ерен ерлігі тарихымызда алтын әріптермен жазылды. Тарих тамырына бойласақ тәуелсіздікке жету жолында 300 ден астам қазақ көтерілістері болған екен.

Өткенімізді түгендемей болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Бүгінгі азаттықтың ақ таңына жеткендегі жолымыздың айшығын айқындап, жоғымызды түгендеп, барымызды тағы бір мәрте саралауды көздеген конференцияның негізгі мақсаты осы қазақ көтерілістерінің рөлі мен маңызына баға беру және оның  тек тарихын ғана айтып қоймай саяси астарына үңілу болмақ.

Сондай-ақ жиын барысында Тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алған Жаңаөзен оқиғасының әлеуметтік себептері мен сабақтарының қоғамдағы маңыздылығына оң көзқарас қалыптастыру мәселелері қарастырылмақ.

Конференция барысында  қазақ көтерілістері жайында жарыққа  шыққан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылады.

 

  • Өтетін орны:

ҚР Ұлттық кітапханасы,
Абай даңғылы 14, тел.+7 (7272) 67-28-83
e-mail: org@nlrk.kz
Тіркелу: сағат 9.00-ден

  • Қосымша байланыс үшін:

ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы,
тел/факс: 8 (727) 293-05-02, 292-94-80, 390-99-30
e-mail:avrk@mail.ru