• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасы

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Алматы қалалық жастар саясаты Басқармасымен бірігіп Қазақстанда бірыңғайланған студенттік анықтама картасын ендіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еліміздің Жоғары оқу орындарының көпшілігі Кеңес Одағы кезінен қолданысқа енген кітапша тәріздес қарапайым үлгідегі студенттік билетті пайдаланып келеді.

Бүкіл әлемдік компьютерлендіру және жаһандану үдерісімен соңғы үлгілі технологиялардың дамуының нәтижесінде қолданыстағы қарапайым студенттік билет бүгінгі талаптарға жауап бере алмай отыр.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығында Қазақстан жоғары оқу орындары қолдануға қалыпты бірыңғайланған анықтаушы картаның сыртқы үлгісі құрастырылды.

Тұлғалық анықтаушы ақпаратты пластикалық жолмен тасымалдау карта үлгісі тәжірибеде кеңінен қолданады. Бұған көрнекті мысал ретінде жүргізуші куәлігін айта аламыз. Дәстүрлі жинақтаушы кітапшалар бүгінде сақтаушы банктік пластикалық карталармен алмасты. Сонымен қатар, пластикалық сақтандыру куәліктері де бар.

Бүгінде студенттер әлі күнге дейін картон қағаздан жасалған студенттік билетті қолданады.

Картаның негізгі ерекшелігі анықтаушылық қызметін атқаратындығында. Қазақстандық Студенттік Анықтаушы картада студент жайында ақпарат, оқу орны мен факультет жайлы және жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Колледж, лицей және жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары  ҚСАК-тың иесі бола алады.  Карта студенттік билет, оқу залына арналған билет, кіргізу құжаты, студенттерге арналған жеңілдіктер мен басымдықтар  беретін дисконтық картаны бір бойына жинақтаған.

Ұсынылып отырған студенттік билет көркемдік-конструкторлық электрондық картаның (чиптық тұрғыдағы) сыртқы шешімдерін қарастырады, оның ішінде түрлі есеп айыру оперецияларын, студент стипендиясы мен жол жүру көлігінде автоматты тұрғыда жол ақысын төлеу картада қарастырылған жеңілдіктің барлығы қарастырылған. Смарт-карт тәріздес магниттік жолы бар тұрмыстық қажеттілікті жеңілдететін сынды, студенттік карта да студентке оңтайлы жеңілдіктерді қарастырған.

Анықтаушы нөмірленген және фотосуреті қойылған электрондық картаны келесі қажеттіліктерді біріктіре қамтамасыз етеді:

  • Оқу залыны арналған билет;
  • Кіргізу куәлігі - электрондық кіргізу жүйесі қарастырылған мекемелерге кіргізіу;
  • Банктық жинақтаушы төлем карталары – медициналық мекемелерге, әмбебап дүкендерге, кинотеатрларға, қоғамдық тамақтанатын орындар мен тағы да басқа студент жастар баратын орындарға жеңілдіктер;
  • Дисконттық карта, тек студенттерге арналған басымдықтар мен жеңілдіктер;

Бұл картаны толық оқу барысы мен келесі курсқа өткенде де пайдалана алады.
Көп қызметті қамтыған куәлік ретіндегі құжатты әлемдік тәжірибеде қолданып келеді.  Мәселен, ISIC карта дүние жүзі елдерінің 100 ден астамы пайдаланып келе жатқан әлемдік деңгейде мойындалған студенттік куәлік болып табылады.  Сонымен қатар, Ресей мен Украина елдері де электрондық карталарды қолданысқа ендірген.

Басымдығы

Қазақстандық Студенттік Анықтаушы карта:

  • ыңғайлы;
  • көп қызметті;
  • мобильді;
  • қол жетімді

Сонымен қатар, ҚР Жоғары оқу орындары кітапханасының ақпараттық автоматты жүйедегі (РАБИС, КАБИС, ИРБИС) кіруге мүмкіндік тудыратын картада штрих-код көрсетіледі.



 

Құрылымы

Жоғары оқу орындарының студенттерін мен магистранттарына арналған ҚСАК   3 нұсқадан тұратын бірізді үлгі бойынша дайындалған:

1. Пластикалық карта, студенттің аты-жөні, суреті, студенттік билеттің нөмірі,  түсінің қанықтығы 4х4, магниттік жол, студент жайлы ақпаратты жинақтаған электрондық нұсқадағы кодталған магниттік жол;

2. Пластикалық карта, студенттің аты-жөні, суреті, студенттік билеттің нөмірі,  түсінің қанықтығы 4х4, студент жайлы ақпаратты жинақтаған электрондық нұсқадағы кодталған магниттік жол, қолдан жасап алудан қорғау мақсатында картаның реттік нөмірі эмбоссирования (картаға әріптер басылған тұрғыда ендірілген) әдісімен орындалған;

3. Байланыссыз карта (EM-marine стандарты бойынша), түсінің қанықтығы 4х4, студент жайлы ақпаратты жинақтаған электрондық нұсқадағы кодталған магниттік жол – картанын ішіне ендірілген чипы бар, коды заводтікі.

ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылдың 25 қазанындағы еліміздің жоғары оқу орындарына арналған студенттік билеттің жаңа үлгісі студенттік анықтаушы картаны ендіру жайында айтылған «Білім беру саласында білім ұйымдарының қолданатын міндетті есеп беру құжаттарының түрлерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 14 қыркүйегінде № 425 Бұйрығына қол қойылған.

Ілгері