Қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасы айналымға енді
Қазіргі таңда заман талабына орай электронды жүйені қолдану кеңінен қанат жайып отыр. Жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастардың студенттік билеттері жаңа қалыпқа ауысты. Ол – студенттік сәйкестендіру картасы деп аталады. Бұл картаның бір ерекшелігі онда студент жайлы барлық ақпарат қамтылған. Сонымен қатар, кітапхана мен белгілі мекемелерге кіргенде куәләндіру құжаты қызметін атқарады. Студент сәйкестендіру картасын қоғамдық көліктерде пайдалана алады. Қызметтің бірнеше түрін атқаратын функцияларды қамтыған мұндай картаны бар дүние жүзінің студенттері қолданып келеді. Енді бүгінде студенттік сәйкестендіру картасы Қазақстан жастарына ұсынылып отыр. Бұл студенттік картаның тағы бір ерекшелігі бар. Яғни, жастар үшін қажетті орталықтар мен демалыс орындарына жеңілдіктер сыйлайды. Олардың ішінде спорт жаттығу залдары, білім және мәдени ошақ пен демалыс орталықтары, сауда саттық орындары бар. Алдағы уақытта студенттік сәйкестендіру картасын пайдаланушыларға жеңілдік қарастыра алатындар табылып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Бұл жерде жастар мәселесіне бей жай қарай алмайтын кез келген азамат, сонымен қатар мекемелер мен жоғары оқу орындары өз үлестерін қоса алады. Сонымен қатар, жастардың да бұл шараны қолдап, белсене араласқандары маңызды болып отыр. Себебі, мұның бәрі жарқын болашақ үшін жасалып жатқан істердің бірі.
Қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасын коледж, лицей және жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері пайдалана алады.




