120 мыңнан астам педагог оқыту курстарынан өтеді
Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін қайта қалыптастыру жөніндегі бес жылдық жоба 120 мыңнан астам педагогты қамтуға мүмкіндік береді.
.jpg)
«Бұл курстар мұғалімдердің біліктілігін үйлесімді арттыруға жол ашады. Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін қайта қалыптастыру жөніндегі бес жылдық жоба мұғалімдер корпусының тең жартысына жуығын құрайтын 120 мыңнан астам педагогты қамтуға мүмкіндік береді», деп мәлім етті бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
Айта кетерлігі, біліктілікті арттыру курстарын ойдағыдай тәмамдап, тиісті деңгейдегі сертификат алған ұстаздардың жалақысы артады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 3-ші дәрежедегі сертификат алған мұғалімдердің жалақасына 30 пайыз, 2-ші дәрежедегі сертификат алған мұғалімдердің жалақасына 70 пайыз, 1-ші дәрежедегі сертификат иелерінің жалақасына 100 пайыз үстемақы қосылады.
.jpg)
«Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жөніндегі бұл Бағдарламаның Қазақстан Республикасында да, кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасында да баламасы жоқ. Үкіметтік деңгеде бекітілген бұл жоба еліміздегі адам капиталының дамуына салынған нағыз инвестиция», - деп түйіндеді өз сөзін Б.Жұмағұлов.
pm.kz




