Қазақстанның ғалымдары әлемнің ірі ғылыми баспасында жариялануға мүмкіндік алды
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі әлемдегі ірі Elsevier ғылыми баспасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Енді Қазақстанның ғалымдары ірі ғылыми-техникалық ақпараттық ресурстарға қол жеткізетін болады.
«Бұл - республиканың барша ғылыми қауымы үшін үлкен жетістік. Сіздерде бұл ресурстарды оқуға ғана емес, сонымен қатар баспаға шығуға мүмкіндік алып отырсыздар. Зерттеулердің деңгейі мен нәтижесін арттыру үшін ғылымды ақпараттық қамтамасыз ету қажет. Ең алдымен, әлемдік ақпараттық ресурстарға, беделді ғылыми баспаларға және шетелдік мақалаларға қол жеткізу керек», - деді Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов келісімшартқа қол қою рәсімі барысында.
Министрдің айтуынша, Elsevier жыл сайын 2200-ден астам ғылыми журнал, 8 мың анықтама, 500-ден артық мерзімді басылымдар шығарады. 9 миллион ғылыми мақаламен және 11 мың онлайн-кітаппен танысуға мүмкіндік береді.
«Цитаталардың 25 пайызы Еlsevierде жарияланған еңбектерден алынады. Баспа әлемнің 180 еліндегі 1,5 мың ұйыммен және университетпен жұмыс жасайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Kazinform.kz




