Назарбаев Университетінде жаңа жатақханалар мен көп пәтерлі үйлер салынады

24 сәуір 2012

Назарбаев Университетінде университет кампусы құрылысының ІІ кезеңіндегі бірінші кешеннің құрылысын іске қосу рәсімі болды. Сонымен қатар болашақ студенттер мен университет қызметкерлеріне арналып жазылған жолдау капсулы да негізін қалады, деп хабарлайды жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі.

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мен Жоғарғы оқу орны Атқарушы комитетінің төрағасы Аслан Сәрінжіпов жолдау жазылған капсуланы орнатты. Жолдау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жалызған. Мәтін мазмұны құпия сақталған.

«Бұл хабарлама барынша ұзақ жылдар оқылмайды деп үміттенейік, біз бұл капсуланы жаңа ғимараттың фундаментіне салдық. Бұл ғимарат ұзақ жылдарға қызмет етсін», - деді өз сөзінде Шигео Катсу.

Кампустың оңтүстік бөлігінде орналасқан бірінші кешенге оқытушылар құрамына арналған 11 қабатты екі үй мен студенттерге арналған 12 қабатты екі жатақхана кіреді. Жаңа қазандық пен инженерлік желілер де қарайтын жаңа нысандардың жалпы аумағы 64 000 шаршы метрден асады.

Оқытушыларға арналған 258 пәтер мен 1000 студентке арналған жатақхана бөлмелері келесі жылдың жазында пайдалануға беріледі. 2013 жылдың күзінде Назарбаев Университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа баспаналарға көшеді

Pm.kz
 

Ілгері Көрушілер саны: 346