• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Білім министрі: Ректорлар өздері ғылымнан қашады

27 қазан 2013

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомствоның басшысы Бақытжан Жұмағұлов Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ректорларының ғылым саласындағы жұмыстарын сынға алды деп хабарлайды Қазақпарат.

"Ректорлар өздері ғылымнан қашады, яғни ғылыммен айналысқысы келмейді. Нәтижесінде олар ғылыми-зерттеу институттарынан алшақтайды. Бұл құпия емес", - деп атап өтті Б. Жұмағұлов.

Өз кезегінде министрдің орынбасары Мұрат Орынханов шынымен де ЖОО ректорлары ғылыми кадрларды даярлауда нақты айқындалған саясатты жүргізбей отырғандығын жеткізді.

Оның пайымдауынша, бұл саясаттың ішінде ғылыми кадрларды даярлаудағы барлық аспектілер қамтылуы тиіс.

Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі плагиатпен күрес бойынша жаңа стандарттар әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде бүгін ғылымды дамыту мәселелеріне арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Мұрат Орынханов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Гранттық жобаларды орындаған кезде плагиат жүйесі және өзге де көптеген мәселелер туындайтынын көріп жүрміз. Осындай құбылыспен күрес жүргізу үшін зерттеушілік қызметті этикалық реттеу стандарттарын әзірлеп жатырмыз", - деді М.Орынханов.

Оның айтуынша, бұл стандарттар ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде, бағалау және жоспарлау кезінде пайдаланылатын болады. "Осы стандарттарды бұзатын барлық жұмыстар тоқтатылады", - деп қосты вице-министр.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/278022.html

Ілгері Көрушілер саны: 704